Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"8 қабатта секірер едік": Өрттен аман қалған қарағандылық отбасы қатты қорыққандарын жеткізді

Опубликовано:

Қарағандының 15-ші ықшам ауданында төртінші ақпан күні тағы бір қайғылы жағдай орын ала жаздады. Өрт сөндірушілер 13 адамды, оның ішінде жеті баланы құтқарды деп хабарлайды NUR.KZ.

"8 қабатта секірер едік": Өрттен аман қалған қарағандылық отбасы алғыстарын білдірді
Көрнекі фото:liter.kz: Instagram

Тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шамамен 22:00-де басталыпты. Жетінші қабаттағы №37 үй отқа оранған. Тұрғындар түтін иісін сезіп, бірден құтқарушыларды шақыртқан.

Құтқарушылар жеткенде үйдің кіре берісіне қалың түтін жайылып үлгеріпті. Құтқару қалпағының көмегімен құтқарушылар сегізінші және тоғызыншы қабаттағы тұрғындар мен балаларды далаға алып шыққан.

Адамдарды құтқару тек кіре берістен жүргізілмеген. Сегізінші қабатта орналасқан пәтерге түтін тараған кезде, үй тұрғындары балаларын алып, балконға шығып, көмек сұраған.

Өрт сөндірушілер сол пәтердің терезесіне автосаты қойып, адамдарды түсіріп алыпты..

"Ағаштар мен қалың қар ірі өрт сөндіру көлігін үйге жақындатуға кедергі келтірді. Бірақ №7 өрт сөндіру бөлімінің аға сержанты Бақытжан Садуовтың жедел әрі дұрыс әрекеттерінің арқасынды автосаты жылдам орнатылды.
Жүргізушінің кәсіби біліктілігінің арқасында 2018 және 2014 жылғы екі бала сегізінші қабаттан түсірілді", - деді Қарағанды облысының ТЖК-нің баспасөз қызметі.

Құтқарылған балалардың әкесі құтқару операциясы кезінде зәресі ұшқанын жеткізді.

"Өрт сөндірушілердің дер кезінде келгені жақсы болды. Енді болса, сегізінші қабаттан секіретін едік. Қатты қорықтық, не істерімізді білмедік. Өрт сөндірушілерге мың да бір рақмет. Солардың арқасында балаларым аман", - деді құтқарылған балалардың әкесі Әділет.

Айта кететін жайт, өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 27 л газ баллонын анықтап, сыртқа шығарып үлгерген.

"Өрт 22:36 ауыздықталып, 22:43-те сөндірілді. Өртенген аймақтың жалпы ауданы 10 шаршы метрді құрады", - деп мәлімдеді ТЖК-нің баспсөз қызметі.

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі мен Қарағанды облысының апаттық-құтқару қызметінің 25 қызметкері мен сегіз техникасы жұмыс істеді.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1777086-8-kabatta-sekirer-edik-rtten-aman-kalgan-karagandylyk-otbasy-katty-korykkandaryn-zetkizdi/

pixel