Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте белгісіз біреулер ерлі-зайыптыны өз үйінде өлтіріп кеткен

Опубликовано:

Шымкентте ақпанның бесінен алтысына қараған түні белгісіз біреулер ерлі-зайыптыны өз үйінде өлтіріп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: СҚО ПД
Иллюстрациялық фото: СҚО ПД: Depositphotos

Жұбайлардың мәйіті Байтұрсынов көшесіндегі жеке үйлердің бірінен табылған.

Түнгі екілер шамасында жедел жәрдем қызметі мен полиция шақыртылған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы ерлі-зайыптылардың өлімін тіркеген.

Полицейлер аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабы, "қасақана кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі таңда күдіктілер іздестірілуде.

Көршілерінің айтуынша, үйге баса көктеп кіргендер алдымен үй иесіне оқ атып, кейін әйелі екеуіне пышақ жарақатын салған көрінеді.

Отырар арнасының хабарлауынша, нақтыланбаған мәліметке сәйкес оқиға кезінде үйде марқұмдардың немересі болуы мүмкін.

Кейін күдіктілер оқиға орнынан ізін суытыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1777214-symkentte-belgisiz-bireuler-erli-zajyptyny-z-jinde-ltirip-ketken/

pixel