RU

Петропавлда көп қабатты пәтерлердің бірінде газ жарылды

Петропавлда көп қабатты үйлердің бірінде газ жарылды. Бесінші қабаттағы үйден шыққан жарылыстан үш адам жапа шеккен. Олардың біреуі кішкентай бала деп хабарлайды Петропавловск.news сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Петропавловск.news
Фото: Петропавловск.news: UGC

Оқыс оқиға жайлы төтенше жағдайлар комитетіне 8 ақпан күні кешкі 18:08-де хабар келіп түскен.

Төтенше жағдай кезінде 46 адам сыртқа шығарылып, үш адам ауруханаға жеткізілген.

Жарылыстан үш пәтердің сау-тамтығы қалмаған.

Қазіргі уақытта пәтері қираған тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1777698-petropavlda-kp-kabatty-pterlerdi-birinde-gaz-zaryldy/