RU

Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды

Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол көлік апаты орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

фото: instagram/kris_p_almaty
фото: instagram/kris_p_almaty: Instagram

Жол көлік апаты Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды.

Оқиға 9 ақпан күні түнде Сайын мен Асқаров көшелерінің қиылысында болған.

Кадрдан бірнеше көліктің соғылып тұрғанын байқауға болады. Жол апатының салдарынан "үлкен кептеліс" орын алған.

Мұны көрген желі оқырмандарының басым бөлігі Әл-Фараби даңғылындағы 60 белгісінің "көмектеспегенін" әзілдеп жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1777764-almatyda-birnese-klikti-katysuymen-zol-apaty-boldy/