Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте еркектік қуатын арттыратын шөп дәрі ішкен жігіт қайтыс болды

Опубликовано:

Шымкентте жас жігіттер еркектік қуатты арттыруға арналған шөп дәріні ішеміз деп уланып қалды. Олардың бірі қайтыс болса, тағы екі жігіт ауруханаға түскен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: Photographee.eu
Көрнекі фото: Photographee.eu: Depositphotos

Оқиға 2-ші ақпан күні болған.

Түскі үзіліс кезінде үш жігіт ортақ таныстары ұсынған дәрінің дәмін көрмек болады. Іші ауырып, құсып, жағдайы нашарлаған соң жедел жәрдем шақырады.

Салдарынан азаматтың бірі ауруханаға жетпей жолда көз жұмса, қалған екі жігітті Шымкент қалалық токсикологиялық орталықтың дәрігерлері аман алып қалған.

Бұл фактіні Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.

"Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Үш азаматтың нақты неден уланғанын анықтау мақсатында арнайы сараптамалар тағайындалды. Сараптамалар нәтижесінде процесуалды шешім қабылданатын болады", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1778117-symkentte-erkektik-kuatyn-arttyratyn-sp-dri-isken-zigit-kajtys-boldy/

pixel