Қарағанды облысында иіс газынан әкесі мен ұлы уланып өлді
Опубликовано:
Қарағанды облысының Нұра бекетінде пештен шыққан иіс газынан ер адам мен оның он жасар ұлы қайтыс болды деп жазады NUR.KZ.

Қайғылы оқиға бүгін түнде жеке тұрғын үйде болды.
Отбасы иіс газын сезген соң оның шығуын тоқтату үшін ыс тазалаған.
Бірақ ыс тазалау жағдайды өзгертпепті. Түнде улы газ үй бөлмелеріне тараған.
Үйдің 1978 жылы туған отағасы мен оның 2008 жылғы ұлы көз жұмды. Әйел адам ояна салып, есік-терезені ашып, далаға шыққан.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адам мен баланы құтқара алмаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1778810-karagandy-oblysynda-iis-gazynan-kesi-men-ly-ulanyp-ldi/