RU

Мәскеуде 25 жастағы қазақстандық азаматты пойыз қағып өлтірді

Мәскеуде екі адам пойыз астына түсіп, қаза тапты. Олардың бірі - 25 жастағы қазақстандық азамат деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәскеуде 25 жатағы қазақстандық азаматты пойыз қағып өлтірді
Көрнекі фото: trainpix.org: UGC

Мәскеу аймақаралық тергеу басқармасының аға көмекшісі Лариса Марковецтің айтуынша, жантүршігерлік оқиға 15 ақпан күні болыпты.

Саратовск облысының 59 жастағы және Қазақстанның 25 жастағы тумасы оқиға орнында көз жұмған.

Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, екі азамат теміржолдың рұқсат етілмеген жерінен жолдың арғы бетіне өтіп кетпек болыпты.

Қазіргі таңда аталмыш жағдайдың мән-жайы анықтал үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779031-mskeude-25-zastagy-kazakstandyk-azamatty-pojyz-kagyp-ltirdi/