RU

Қоқыс төгу үшін көлік ұрлаған ШҚО тұрғыны ұятқа қалды

Өскеменде №2 қалалық сот заңсыз түрде көлік ұрлап кеткен азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Алтайньюс сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: mosheniki.ru
Көрнекі фото: mosheniki.ru: Twitter

Алкогольді ішімдік ішкен азамат өзі жұмыс істеп жүрген құрылыс нысаны аумағынан жүк тиегішті заңсыз айдап әкеткен. Аумақтан шыққан соң ол сыртта тұрған Toyota Land Cruiser көлігіне соғылыпты. Артынша оны полиция қызметкерлері ұстап алған екен.

Сотта азамат өзінің қоқыс шығармақ болғанын алға тартқан. Алайда, оның жүк тиегішті басқаруға арналған құжаты болмай шығыпты.

Енді кінәлі алты айға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, сотталушы бір жылда 100 сағат мәжбүрлі түрде еңбек ететін болады.

Одан бөлек, сотталушыға Өтемақы қорына 10АЕК (24 050 теңге) мөлшеріндегі соманы енгізу керек.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779114-kokys-tgu-sin-klik-rlagan-sko-trgyny-atka-kaldy/