Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйықтап кеткен": Алматыда апатқа түскен BMW көлігінің күл талқаны шықты

Опубликовано:

Алматыда BMW көлігінің жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: Depositphotos

Көлік апаты "Ақбұлақ" ықшам ауданында орын алған.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, көлік иесі Шәріпов көшесімен солтүстікке қарай бара жатыпты.

Ұйықтап кеткен жүргізуші жолдың қарсы бағытына шығып 2 газ құбырын қиратып, бірнеше рет аударылған.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: Depositphotos

Көлік иесі аман қалған.

BMW қайта қалпына келтіруге жарамайды.

Жүргізуші рөлде ұйықтап кеткенін айтыпты.

Алғашқы көмек көрсетілген соң, оны үйіне жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779301-jyktap-ketken-almatyda-apatka-tsken-bmw-kligini-kl-talkany-sykty/

pixel