RU

Түркістан облысында полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды (фото)

Түркістан облысында жанұялық жанжалдан соң келіншек көпірден секірмек болған. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі: Twitter

Келіншектің көпірден секірмек болғаны туралы ақпаратты куәгер Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің кезекші полицейлеріне хабарлаған.

Хабарлама түскен соң патрульді полиция қызметкерлері- аға сержант Е. Бердібеков пен полиция сержант Т.Бейсенбаев тез арада оқиға орнына барып, өз-өзіне қол жұмсауға бел буған келіншекті аман алып қалыпты.

Суицид жасамақ болған әйел Жетісай ауданы тұрғыны болып шыққан. Ол бұл әрекетке жанұядағы жанжалдан соң барған екен.

Полицейлер келіншекпен профилактикалық әңгіме жүргіген. Ал артынша оны туыстары келіп, алып кетіпті.

Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің басшылығы екі полицейге әрекеттері үшін алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779503-trkistan-oblysynda-policejler-kpirden-sekirmek-bolgan-jeldi-ktkaryp-kaldy-foto/