RU

Атыраудағы зираттан келіншектің денесі табылды

Атырауда өлтірілген келіншектің денесі қаладағы ықшамаудандардың бірінде орналасқан зират аумағынан табылды. Марқұм Өзбекстан азаматшасы болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Полиция мәліметтері бойынша, келіншекті өлтірген күдікті ұсталған.

Басқа ақпараттар тергеу жұмыстарына байланысты таратылмайды.

Келіншек табылған ықшамауданда он шақты елде заңсыз жүрген Өзбекстан азаматы анықталған.

Атыраудың аталған ауданындағы жұмыстар жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779863-atyraudagy-zirattan-kelinsekti-denesi-tabyldy/