Қарағанды-Астана тас жолындағы жол апатынан полицей қаза тапты
Опубликовано:
Астана-Қарағанды тас жолында полиция қызметкері жол апатын жасады. Тәртіп сақшысы тізгіндеген "Mercedes" көлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, "Lexus" автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан, полицейдің әріптесі қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ.
Жол апаты облыс орталығынан бес шақырым қашықтықта Қарағанды-Астана тас жолында болған.
"Mercedes" тізгініндегі 36 жастағы азамат рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетеді. Ол соқтығысқан "Lexus" көлігін де полиция қызметкерлі жүргізіп келе жатқан.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол апатына көктайғақ себепкер болған.
"Ол жолдың қарама-қарсы жағында 39 жастағы азамат тізгіндеген "Lexus" көлігімен соқтығысқан. "Mercedes" көлігінде болған жолаушы оқиға орнында жан тапсырды" , - деді департаменттің баспасөз қызметі.
"Mercedes" тізгінінде болған полицей ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда оқиғаға қатысты, Қылмыстық кодекстің 345 бабының үшінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779919-karagandy-astana-tas-zolyndagy-zol-apatynan-policej-kaza-tapty/