Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда жолаушы тасымалдайтын автобус өртеніп кетті

Опубликовано:

Жезқазғанда қаланың қақ ортасында жолаушы тасымалдайтын автобус отқа оранды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жезқазғанда жолаушы тасымалдайтын автобус өртеніп кетті
Көрнекі фото: primamedia.ru: Facebook

Төтенше жағдай Шевченко көшесінде 20 ақпанда болған. Абырой болғанда автобустың ішінде жолаушылар болмаған.

Жүргізуші мен кондуктор дер кезінде шығып үлгерген.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер отты сөндірген. Алайда қоғамдық көлік іске жарамсыз болып, қаңқасы ғана қалған.

Өрттің шығуына не себеп болғанын сарапшылар анықтайды. Өрт орнына жылжымалы зертхана келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779972-zezkazganda-zolausy-tasymaldajtyn-avtobus-rtenip-ketti/

pixel