Алматының қақ ортасында BMW автокөлігі өртеніп кетті (фото,видео)
Опубликовано:
Әлеуметтік желілерде өртке оранған көліктің видеосы тарап кетті. Бейнежазбада өрт сөндірушілердің жалынды ауыздықтау үшін барын салып жатқаны көрініс тапқан. Төтенше жағдай бүгін таңертен орын алған деп жазады NUR.KZ.
Аталмыш видео Instagram желісіндегі dorogi_almaty_official парақшасында жарияланған. Оның астына автор өрттің таңғы сағат сегізде, Басенов пен Розыбакиев көшелерінің маңында орын алғанын жазып қойған.
Zakon.kz басылымының мәлімдеуінше, өртеніп кеткен көлік BMW E34 маркалы болған.
Анықталғандай, өрт көліктің слонын шыққан.
Өрт сөндірушілердің жедел қызмет етуінің арқасында жалын темір тұлпардың қасында тұрған басқа көліктерге өтіп кетпеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1780134-almatyny-kak-ortasynda-bmw-avtokligi-rtenip-ketti-fotovideo/