RU

Қостанай облысының бес тұрғыны Ресейде жол апатына түсті

Қостанай облысының тұрғындары Ресейде жол көлік апатына ұшырады. Олар мінген шағын автобус қар тазалайтын көлікке соқтығысқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бір топ әйел Қостанай облысынан Екатеринбургқа қарай шағын автобуспен жол шыққан.

Олар Урал астанасына жақын маңдағы тас жолда қар тазалайтын көлікпен соқтығысқан.

Зардап шеккен әйелердің барлығы Қостанай облысының тұрғындары.

Жол апатына түскендердің үшеуі 60 жастан асса, екеуі 28 бен 37 жастағы азаматшалар болып шықты.

Оларды Екатеринбург ауруханасына жеткізген. Екі әйел ауыр халде жансақтау бөлімінде жатса, біреуі травматология бөлімінде ем алуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1780434-kostanaj-oblysyny-bes-trgyny-resejde-zol-apatyna-tsti/