RU

Ақтөбелік тұрғын үйіне келген жедел жәрдем қызметкеріне шабуылдаған

Ақтөбеде көмекке келген жедел жәрдем қызметкерін ішімдік ішіп алған жергілікті тұрғын ұрып тастады. Бұл туралы Диапазон-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: kp.kz
Көрнекі фото: kp.kz: Facebook

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қала тұрғыны кеудесінің ауырғанын айтып, жедел жәрдем шақырған.

Әйелдің туысы бұл кезде мас күйде болыпты.

Фельдшер науқасқа көмек көрсетіп жатқанда туысы оған шабуылдаған.

Жедел жәрдем қызметкерлері бұзақыны сабырға шақырғанымен, ол басыла қоймапты.

Олар тәртіп сақшыларына хабарласуға мәжбүр болған.

Соққы салдарынан дәрігер дене жарақатын алыпты.

Ведомствоның айтуынша, жедел жәрдем фельдшерін травмпунктке жеткізіп, алғашқы көмек көрсеткен.

Жәбірленуші полицияға арыз жазыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1780685-aktbelik-trgyn-jine-kelgen-zedel-zrdem-kyzmetkerine-sabuyldagan/