RU

Балқаш тұрғыны жұмыстан үйіне келе жатқан жолда үсіп қалды

Үйіне қайтып келе жатқан жолда адасып кеткне Балұаш тұрғыны үсік шалып, қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл туралы Instagram желісіндегі patriotkaragandy тобында жарияланған.

Жазбада Балқаш тұрғыны үйіне жаяу келе жатып адасқаны айтылады.

Ер азамат үйіне жете алмай, жолда көз жұмған. Оның денесі жұмысына үш шақырым жерден табылды.

Дәрігерлер өлімді растап отыр.

Құқық қорғау органдары ер азаматтың өлімін "қайғылы жағдай" деп тіркеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1780718-balkas-trgyny-zmystan-jine-kele-zatkan-zolda-sip-kaldy/