RU

Тараздағы жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді

Тараздағы тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан төрт адам жарақаттанып, №1 қалалық ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды емхана ақпаратына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото:24.kz
Көрнекі фото:24.kz: Facebook

Анықталғандай, адамдар жарақат бөліміне жеткізілген.

Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толықтай көрсетіліп, артынша үйлеріне жіберген.

"Аурухана зардап шеккендер тағы келіп түссе, оларға барынша көмек көрсетуге әбден дайын" , - деді дәрігерлер.

Айта кетейік, бұған дейңн бүгін таңертең Тараздағы тұрғын үйде жарылыс болғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Оқыс оқиға салдарынан екі адам көз жұмғаны туралы ақпарат бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1780849-tarazdagy-zarylys-trt-adam-auruhanaga-zetkizildi/