Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тұрғын үйде өрт болып, бес адам ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Астанада өткен түні өрт болып 11 адам зардап шеккен. Олар өз бетімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Бес тұрғын ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Астананың Бұқар жырау көшесінде орналасқан "Камал-4" тұрғын үй кешенінде өрт шыққан.

Қызыл жалын тұрмыстық заттар және балконның өртке орануынан басталыпты.

Мамандар өртті 22:46-да ауыздықтап, 22:58-де толықтай сөндірген.

Өрт сөндірушілер 25 адамды, соның ішінде 10 баланы құтқарды.

Қызыл жалынды ауыздықтау барысында 23 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781344-astanada-trgyn-jde-rt-bolyp-bes-adam-auruhanaga-zetkizildi/

pixel