Оралда сауда орталығының шатырындағы мұз 30 жастағы әйелдің басына құлады

Опубликовано:

Оралда сауда орталығының төбесіне жиналған мұз жүргіншінің басына құлаған. Екі қабатты мекеме шатырынан түскен мұздан жараланған 30 жастағы әйелді ауруханаға жеткізген деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Life.ru
Фото:Life.ru: Instagram

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысының мәліметінше, жедел жәрдемге 12:50-де келіп түскен.

"Тұрғын жабық бас-ми жарақатын алуы мүмкін" деген күдікпен ауруханаға жеткізілді. Облыстық көпсалалы ауруханада медициналық тексерістен өткеннен кейін ол үйіне жіберілді", – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, дәл сол күні Аманжолов көшесіндегі көпқабатты үйлердің шатырынан да қар құлаған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781566-oralda-sauda-ortalygyny-satyryndagy-mz-30-zastagy-jeldi-basyna-klady/

jitsu gif