RU

ШҚО-да Toyota RAV4 көлігі мұздың астына түсіп кетті (фото)

Өткен сенбіде ШҚО-да Көкпекті ауданында Toyota RAV4 мұздың астына түсіп кетті. Оқиға орнынан түсірілген суреттер Instagram желісіндегі «Osa_ uka_vko» парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен суреттерден көліктің толығымен суға батып кеткенін көруге болады. Алайда, соңғы фотоға сәйкес Toyota-ны судан шығарып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781754-sko-da-toyota-rav4-kligi-mzdy-astyna-tsip-ketti-foto/