RU

СІМ: Бішкек маңынан қазақстандық студенттің денесі табылды

СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифинг барысында өткен аптада Бішкек маңында көлік ішінен қазақстандық студенттің денесі табылғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша жас жігіт өз-өзіне қол жұмсаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: talks.ru
Фото: talks.ru: UGC
"Ол - Қазақстан азаматы. Оның денесі туыстарына табысталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол салған" , - деді Смадияров.

Оның айтуынша, Қырғызстан полициясы тергеу жұмыстарын жүргізуде.

"Нәтижесін күтейік. Содан кейін қосымша хабарлайтын боламыз" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781806-sim-biskek-maynan-kazakstandyk-studentti-denesi-tabyldy/