Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ағайынды балалар ауруханада қайтыс болды

Опубликовано:

Астанада ағалы-інілі бауырлар ауруханада қайтыс болды. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, олар бала кезінен емделуге келмейтін генетикалық аурумен ауырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото ngs.ru
Көрнекі фото ngs.ru: Facebook
Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Садуақас Байғабұловтың хабарлауынша, ағайынды балалар қалалық № 2, № 3 ауруханада емделген.

Қазіргі уақытта аталған осы оқиғаға байланысты тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен № 2 балалар ауруханасы мен № 3 қалалық көп салалы ауруханасында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Кешенді аудит барысында мәліметтер зертеліп, қайтыс болған балаларды стационарлық емдеудің барлық кезеңдеріндегі емдеу тактикасына талдау жүргізілетін болады.

Медициналық қызметкерлердің іс-әрекеттінің сапасы, медициналық көмек пен этика сақтауы бойынша баға беріледі.

Болашақта материалдар тергеу жүргізетін органдарға тапсырылады және заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782262-astanada-agajyndy-balalar-auruhanada-kajtys-boldy/