RU

Алматы облысында 4 сынып оқушысы мектепте қайтыс болды

Алматы облысының Кербұлақ ауданына қарасты білім ордаларының бірінде оқитын жеткіншек жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысында 4 сынып оқушысы мектепте қайтыс болды
Көрнекі фото: baltnews.lt: Facebook

Жүрек талмасы ұстап қалған бала үзіліс кезінде құлап, сол қалпы есін жимастан қайтыс болып кеткен.

Сарыөзекте орналасқан аудандық аурухананың бас дәрігері Қанат Қалдыбаевтың айтуынша, баланың денесінде ешқандай жарақат жоқ.

Тек есін жоғалтып, дәлізде құлап қалыпты.

Өлім дерегі бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782386-almaty-oblysynda-4-synyp-okusysy-mektepte-kajtys-boldy/