Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 9 сынып оқушысы сабақтан кейін асылып қалды

Опубликовано:

Алматы облысының полицейлері өз-өзіне қол салған оқушы өлімін тергеп жатыр. Тоғызыншы сынып оқушысы сабақтан кейін үйінің артындағы қорада асылып қалған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: PxHere
фото: PxHere: Depositphotos

Марқұм баланың ата-анасы баланың өліміне оның ұстазын кінәлап жатыр. Олардың сөзінше, мұғалім оқушыны елдің көзінше кемсітіп, тіпті қол көтерген.

Жасөспірімнің анасы баласының аса белсенді болғанын айтты. Айтуынша, Аслан түрлі шараларға қатысып, әнші болуда арман еткен.

Баланың туыстары оның қайтыс болар күні жетінші сынып оқушыларымен ұрысып қалғанын айтады. Мектеп әжетханасында олардың арасында төбелес орын алып, жеткіншектердің арасына география пәнінің мұғалімі кіріскен.

"Оны кемсітіп, соққыға жықты. Ұстаз оны сақинасымен ұрып жіберген. Асланнан қан кеткен. Ұстаз оның тізерлеп отырып кешірім сұрауын талап еткен. Оқиға қызымның сыныбында орын алған. Оны қарындасының көзінше кемсіткен. Анасының мектепте еден жуатынын айтып, оны мазақ қылған" , - деді қайғыдан қан жұтқан ана.

Ол баласының мектептен жаман көңіл күймен оралғанын алға тартты.Әйел адам баласымен сөйлеспек болған. Алайда, Аслан анасымен әңгімелескісі келмеген. Нәтижесінде, бір сағаттан кейін әкесі оны асылу күйінде тауып алған.

"Оның құлағы, басы, беті мен мойны да көк түсті болды. Біз айқайладық. Жедел жәрдем келді. Оған укол салды. Алайда тым кеш болды. Содан кейін полиция қызметкерін шақырттық. Баланы моргке алып кетті", - деді әкесі.

Ата-ананың айтуынша, мектеп директоры оқиға жайлы тек Асланның өлімінен кейін бір-ақ білген. Оқушының басқа балалармен келіспеушілігі жайлы директор орынбасары да білмеген болып шықты.

Анықталғандай, оқушыны тәрбиелемек болған ұстаз денсаулығына байланысты демалыс алған.

Директор орынбасары Ақнұр Бестерекова оқиға орын алған күні оның мектепте болмағанын айтты. Оның сөзінше, Асланға ауыр сөздер айтқан мұғалім білім ордасында 35 жыл еңбек еткен. Тіпті кезінде мектеп директоры болған.

"Біз оқиға жайлы білмедік. Және оның дәл осылай аяқталатынын күтпедік" , - деді директор орынбасары.

Оқиғаға қатысы бар ұстаздың ата-анасы оның туыстары келіп, оның орнына кешірім сұрағанын айтты. Оған қоса, олар арыз жазылғанын білгендіктен ақша бермек болған.

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты "өлімге дейін жеткізу" бойынша тергеу жұмыстары қозғалған. Бұл жағдай облыстық білім басқармасының бақылауына алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782508-almaty-oblysynda-9-synyp-okusysy-sabaktan-kejin-asylyp-kaldy/

pixel