RU

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты бақылау камерасына түсіп қалды (видео)

Алматы қаласындағы Төле би көшесінде "Газель" мен жеңіл көліктің соғысқан сәті бақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: kris_p_almaty
Оқиға орнынан фото: kris_p_almaty: Instagram

Видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty тобында жарияланды.

Кадрдан Сайран көлі маңында "Газель" маркалы жүк көлігіне қызыл түсті көліктің қатты жылдамдықпен келіп соғысқанын байқауға болады.

Желі қолданушыларының сөзінше, көлік апаты 7 наурыз күні кешкісін болған.

Оқиға салдарынан Төле би көшесінде үлкен кептелісі орын алды.

Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782526-almatydagy-zantrsigerlik-zol-apaty-bakylau-kamerasyna-tsip-kaldy-video/