Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мектептегі өлім": Алматы облысында оқушы үзіліс кезінде қайтыс болды

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері Алматы облысындағы ауыл мектептерінің бірінде қайтыс болған 10 жастағы оқушының өлімін тексеруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: medrussia.org
Көрнекі фото: medrussia.org: Facebook

Қайғылы жағдай 6 наурыз күні Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылындағы жалпы білім беру мектебінде орын алған.

Мектептегі үзіліс кезінде 4 сынып оқушысы көз жұмды.

Мұғалімдер мен мектеп инспекторы балаға алғашқы көмек көрсетуге тырысып, кейінірек өздері ауруханаға алып барыпты.

Жолда мектепке қарай бара жатқан жедел жәрдемді кезіктірген.

Алдын ала болжам бойынша, оқушы кенеттен болатын өлім синдромына ұшырапты.

"Оқушыда ұстама болып, кейін есін жимай кенеттен көз жұмды. Денесінде жарақаттар болған жоқ", - деді Кербұлақ ауданы ауруханасының бас дәрігері Қанат Қалдыбаев.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаны сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ресми түрде енгізген.

"Оқушының өлімі бойынша алдын ала тергеу жұмысы жүруде. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама нәтижесін күтіп отырмыз, кейін қорытынды процессуалдық шешім қабылданады.

Тергеу жұмыстары облыстық департаменттің басшысы полиция генерал-майоры Мұрат Үрімхановтың қатаң бақылауында", - деді полицияның баспасөз-қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782554-mekteptegi-lim-almaty-oblysynda-okusy-zilis-kezinde-kajtys-boldy/

pixel