RU

Қарағандының автобус аялдамасында төбелес болды (видео)

Қарағандының автобус аялдамасында үш ер азамат төбелес ұйымдастырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Twitter

Оқиға бүгін, 8 наурыз күні қала орталығында орын алған.

Төбелеске он шақты қарағандылық қатысқан. Қақтығыс арасында балалар да бар. Жанжалды басып, ажыратып жүргендер кездеседі.

Ерегес 127-ші автобус маршрутында басталған.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алыпты.

Полиция қызметкерлері оқиға барысын анықтауда.

Автотұрақтың хабарлауынша, тәртіп сақшылары жүргізуші мен кондуктордан оқиғаның мән-жайын сұрастырыпты.

"Мерекелік күн. Жолаушылардың бірі ішімдікке тойып алып, содан түсінбеушілік орын алған сияқты", - деп түсіндірді автотұрақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782572-karagandyny-avtobus-aaldamasynda-tbeles-boldy-video/