RU

Көліктің қозғалтқышын жұлып әкеткен: Алматыда көлік апатынан төрт адам зардап шекті

Алматыда орын алған жол көлік апатының салдарынан төрт адам жарақат алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көліктің қозғалтқышын жұлып әкеткен: Алматыда көлік апатынан төрт адам зардап шекті
Фото: sputniknews.kz: UGC

Апат куәгерлерінің сөзінше, оқиға Горная көшесінде болған.

Mercedes көлігінің иесі солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Кенет ол тайғанақтай бастаған.

Көлік жоғары жылдамдықпен ағашқа соғылған. Соққының күшті болғаны соншалық, көлік екінші ағашқа соғылып, жолға бір-ақ шыққан.

Көліктің қозғалтқышын жұлып әкеткен: Алматыда көлік апатынан төрт адам зардап шекті
Фото: sputniknews.kz: UGC

Соққының нәтижесінде көліктің алдыңғы бөлігі, оның ішінде қозғалтқышы толығымен жұлынып, жол ортасында қалған.

Жол-көлік апатынан көлік ішіндегі төрт жолаушы әртүрлі жарақаттар алған. Ал жүргізуші жеңіл сырықтармен құтылып кетті.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782607-klikti-kozgaltkysyn-zlyp-ketken-almatyda-klik-apatynan-trt-adam-zardap-sekti/