Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 25 жастағы жігіт үш баланы өрттен аман алып қалды

Опубликовано:

Алматыда 25 жастағы азамат үш баланы өрттен аман алып қалды деп хабарлайды ҚІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Алматыда 25 жастағы азамат үш баланы өрттен аман алып қалды
Алматыда 25 жастағы азамат үш баланы өрттен аман алып қалды: Facebook

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, оқиға 11 наурыз күні сағат 18-21-де Алматы қаласы Жетісу ауданының Бірінші май көшесінде болған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне екі қабатты жеке меншіктегі жатақханадан өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Өрт алдымен бірінші қабаттағы бөлмеден шыққан. Артынан ғимараттың шатырын шарпып, 80 шаршы метр аумақ өртенген екен.

Өрт сөндірушілердің күшімен қызыл жалын сағат 18-53-те ауыздықталып, 19-15-те толықтай сөндірлген. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

Ал осы оқиғада ерлігімен көзге түскен 1994 жылы туған Дүйсен Нұрқанат болған. Көршілес үйдің тұрғыны үш адамды өрттен аман алып қалды.

Жас жігіт 2013 және 2016 жылы туған екі баланы екінші қабаттағы түтін басқан бөлмеден алып шықса, 2018 жылы туған үшінші баланы анасы терезеден лақтырғанда Нұрқанат оны сырт киімімен тосып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1782918-almatyda-25-zastagy-zigit-s-balany-rtten-aman-alyp-kaldy/

pixel