RU

Ақтөбеде әйелдер босанғалы жатқан перзентханадан өрт шықты (фото)

Бүгін Ақтөбедегі перинатальдық орталықтың жертөлесінен өрт шықты. Өрт сөндіру қызметі перзентхананың ішінен 500-ге жуық адамды құтқарған. Оның 78-і жаңа туған нәресте деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Бүгін сағат 10:23 шамасында Алтынсарин көшесіндегі перинатальдық орталықтың жертөлесінен матрацтардың жанып жатқандығы туралы хабар түсті.

Өрт алаңы бес шаршы метр. Оқиға кезінде 491 адам құтқарылды: Оның 316-сы қызметкер болса, 97-сі босануға келген келіншектер және 78 нәресте бар.

Өрт сөндіруге 11 көлік пен 62 қызметкер барды", - деп хабарлайды төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Дәрігерлер өрт тіркелген кезде екі келіншектің босанып, үш жүкті әйелдің толғатып жатқанын растап отыр.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Өрт кезінде босану бөлмесінде жеті әйел болды, барлығының жағдайы жақсы",-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1783035-aktbede-jelder-bosangaly-zatkan-perzenthanadan-rt-sykty-foto/