Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік аударылып қалды: Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Опубликовано:

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Toyota Corolla жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен көліктің кесірінен аударылып қалған деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.
Фото: zakon.: Facebook

Toyota Corolla жүргізушісінің сөзінше, ол Іле трактімен Покровка аулының маңында солтүстік бағытта келе жатқан. Алайда, оның алдынан кенеттен жолдың қарама-қарсы бетіне өтіп кеткен көлік шыға келеді.

Toyota тізгініндегі бойжеткен соқтығысуды болдырмас үшін көлігін жолдың шетіне қарай бұрын жіберген. Нәтижесінде темір тұлпар жол белгісіне соғылып, артынан Audi көлігін сырып өте аударылып қалған.

Фото: zakon.
Фото: zakon.: Twitter

Анықталғандай, бұл сәтте жолаушы орнында кішкентай бала отырған. Toyota Corolla жүргізушісі мен балақай бірден ауруханаға жеткізілген. Абырой болғанда екеуінің жарақаты аса ауыр болмаған. Алайда, олар әлі де шок күйінде екені белгілі болды.

Фото: zakon.
Фото: zakon.: Twitter

Жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, апатты жағдай тудырған көлік жүргізушісі бірден оқиға орнынан ізін суытқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1783586-klik-audarylyp-kaldy-almaty-maynda-zantrsigerlik-zol-apaty-oryn-aldy/

pixel