Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өліміне мұғалімін кінәлаған: Түркістан облысында оқушы өзіне қол салды

Опубликовано:

Түркістан облысы Шардара ауданында бүгін, 15 наурыз күні таңертең 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өліміне мұғалімін кінәлаған: Түркістан облысында оқушы өзіне қол салды
Көрнекі фото: fred.ru.net: UGC

Жеткіншектің туыстары мұны тым кеш байқаған. Жедел жәрдем жеткенше бала қайтыс болып кеткен.

Оқиға орнында бала жазып кеткен хат табылыпты. Онда ол өз өліміне мұғалімін айыптаған көрінеді.

Төтенше жағдайдың мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Қылмыстық кодекстің 105 бабы 3 тармағы (Кәмелетке толмағанды өзіне қол салуға жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шардара ауданының білім беру бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Әзірге іс бойынша ешқандай ақпарат бере алмайтынын, қандай да бір қорытынды шығару үшін әлі ерте екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1783749-limine-mgalimin-kinlagan-trkistan-oblysynda-okusy-zine-kol-saldy/

pixel