Астанада екі қабатты ғимаратта жарылыс болды (фото)
Опубликовано:
Астана қаласы Алаш тас жолы бойындағы "МолПродуктсервис" ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында жарылыс орын алды. Оқиға нәтижесінде үш адам зардап шеккен деп хабарлайды ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"15 наурыз күні сағат 17:06-да Астана ТЖД "101" пультіне Алаш тас жолы бойындағы "Молпродуктсервис" ЖШС екі қабатты ғимаратындағы газ баллонының жарылысы туралы алдын ала хабарлама келіп түсті",- деді комитетте.
Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына сағат 17: 14-те келген. Өрт сөндірушілер жарылыс нәтижесінде бірінші және екінші қабаттың арасында 300 шаршы метр алаңның төбесінің құлауы орын алғанын анықтады.
Оқыс жағдайдың нәтижесінде үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 22 адам мен 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1783805-astanada-eki-kabatty-gimaratta-zarylys-boldy-foto/