RU

Астанадағы жарылыс: Үйінді астынан әйелдің денесі табылды

Құтқарушылар жарылыс болған ғимарат үйіндісінің астынан әйелдің денесін тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ КТК
Фото: Видеодан кадр/ КТК: UGC

Мәйіт сағат 1:18-де анықталған.

КТК арнасының хабарлауынша, бұл екі қабатты ғимаратта жұмыс істеген компанияның есепшісі болуы мүмкін.

Айта кетейік, оқиғаның алдын ала себебі газ баллонының жарылуы болып отыр.

Оқыс оқиға салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізіліген.

Кеше жарылыс болған орынға қала әкімі Бақыт Сұлтанов барып қайтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1783828-astanadagy-zarylys-jindi-astynan-jeldi-denesi-tabyldy/