Шымкентте ішінде 18 жолаушысы бар автобустан өрт шықты
Опубликовано:
Шымкент "Green Bus" компаниясына тиесілі 74 ші бағыттағы автобустан өрт шыққан. Тілсіз жау тұтанған сәтте автобуста 18 жолаушы болған. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама Шымкент қалалық ТЖД шұғыл кезекшілік пультіне 18 наурыз сағат 15.25-те келіп түскен.
Өртті ауыздықтауға екі арнайы техника мен 7 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Өрт сағат 15.31-де оқшауланып, сағат 15.45- те толық сөндірілді.

Алдын ала болжам бойынша, өрт қоғамдық көліктің моторлы бөлігінен шығуы мүмкін. Өрттің себеп салдарын мамандар анықтап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1784128-symkentte-isinde-18-zolausysy-bar-avtobustan-rt-sykty/