RU

Алматы облысында түрмеде төбелес шығып, бір адам мерт болды

Алматы облысында қауіпсіздігі жоғары мекемеде бір адам мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: today.kz
Көрнекі фото: today.kz: Facebook
"17 наурыз күні Алматы облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты. Төбелес кезінде жазасын өтеушілердің бірі екіншісіне дене жарақатын салып, соның салдарынан жарақат алған адам мерт болды",-делінген хабарламада. 

Аталған оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1784157-almaty-oblysynda-trmede-tbeles-sygyp-bir-adam-mert-boldy/