Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бойжеткен мен бала қаза тапты

Опубликовано:

Алматыда Toyota Land Cruiser Prado мен Hyundai Accent көліктерінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Олардың өзара соқтығысуы нәтижесінде бойжеткен мен кішкентай бала қаза тапты деп хабарлайды Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik
Фото: Sputnik: Depositphotos

Жол апаты Саин көшесінің бойында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai көлігі солтүстік бағытта келе жатып, Индустриалды аймаққа қарай бұрылмақ болған.

Онымен бір уақытта оңтүстік бағытта Toyota Land Cruiser Prado келе жатқан.

Түсініксіз жағдай салдарынан олар өзара соқтығысып қалып, Hyundai арыққа қарай ұшып кетіпті.

Фото: Sputnik
Фото: Sputnik: Depositphotos

Жол апаты кезінде Hyundai ішінде бойжеткен мен 2016 жылы туылған бала болған. Екі жолаушы да қаза тапты.

Өзара соқтығысқан көлік жүргізушілері түрлі жарақат алып, жақын маңда орналасқан ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: Sputnik
Фото: Sputnik: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785084-almatyda-zantrsigerlik-zol-apatynan-bojzetken-men-bala-kaza-tapty/

pixel