Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектеп оқушысы жаяу жүргінші жолағында ажал құшты

Опубликовано:

Ақтөбе қаласында жаяу жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан екі тоғызыншы сынып оқушыларын көлік қағып, біреуі оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды Zakon.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде мектеп оқушысын жаяу жүргінші жолында қағып өлтірді
Көрнекі фото: kvedomosti.com: UGC

Оқиға 24 наурыз күні болған. Едіге көшесінде жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан екі тоғызыншы сынып оқушысын Opel көлігі қаққан.

Алған жарақаттар салдарынан бір оқушы оқиға орнында көз жұмса, екінш оқушы жедел жәрдеммен жансақтау бөліміне жеткізілді.

Оқиғаға қатысты сот-медициналық және автотехникалық сараптамалары тағайындалды. 20 жастағы жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталды

Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының үшінші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785185-aktbede-mektep-okusysy-zaau-zrginsi-zolagynda-azal-ksty/

pixel