Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты: Үш адамның денесі табылды

Опубликовано:

Қызылорда облысындағы Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған орыннан үш адамның мәйіті табылды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі: Depositphotos

Қызылорда облысында әскери тікұшақ құлады: Қаза болғандар бар>>>

Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатына қатысты видео үндеу жариялады>>>

"Экипаж мүшелері қаза тапты": Тоқаев марқұмдардың жақындарына көңіл айтты>>>

Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, денесі табылған жандарың кім екені әлі айқындалмаған.

"Тікұшақтың қалдықтары 500 метр жерден табылды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағаны хабарланған еді.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экипаж мүшелерінің қаза болғанын жеткізіп, олардың жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785538-kyzylorda-oblysyndagy-tiksak-apaty-s-adamny-denesi-tabyldy/

pixel