RU

Жалағаштағы тікұшақ апаты: Оқиға орнынан төрт адамның денесі табылды

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнында төрт адамның денесі табылғанын мәлімдеді деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Оқиға орнынан кадр, mod.gov.kz
Фото: Оқиға орнынан кадр, mod.gov.kz: UGC

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үш әскери қызметкердің денесі кеше, тағы бірі өткен түні табылған.

Қазіргі таңда олар мәйітханаға жеткізілген.

Түннен қазіргі уақытқа дейін оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеуде.

Айта кетейік, Қызылорда облысында орын алған тікұшақ апаты салдарынан 13 әскери қызметкер қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785615-zalagastagy-tiksak-apaty-okiga-ornynan-trt-adamny-denesi-tabyldy/