RU

Павлодарда 45 жастағы әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Павлодарда 45 жастағы әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, келіншек алтыншы қабаттан құлаған деп хабарлайды pavon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: lenta.kharkiv.ua
Көрнекі фото: lenta.kharkiv.ua: Depositphotos

Қайғылы оқиға 28 наурызда таңғы уақытта Бектұров көшесіндегі тұрғын үйде болған.

"Сағат таңғы 7:59 шамасында жедел жәрдем станциясына адамның биіктіктен құлағаны жөнінде ақпарат келіп түсті. 8:05-те жедел жәрдем оқиға орнында болды" , - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алайда, медицина қызметкерлері әйел адамның биологиялық өлімін тіркеген. Дәрігерлердің айтуынша, марқұм 45 жаста болған.

Әйел адам өз-өзіне қол салды ма, әлде оның өліміне басқалардың қатысы бар ма әзірге белгісіз

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785708-pavlodarda-45-zastagy-jel-kpkabatty-jdi-terezesinen-klap-ketti/