Түркістан облысында шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып екі адам қайтыс болды

Опубликовано:

Түркістан облысында ірі жол көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан екі адам көз жұмып, бес адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алды деп хабарлайды Отырар арнасы.

фото: Отырар арнасы
фото: Отырар арнасы: Facebook

Қайғылы жағдай Ордабасы ауданында болған.

Тас жолда "Ниссан" шағын автобусы мен "Ваз" соқтығысып қалған.

Полицияның айтуынша, шағын автобус жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жеңіл көлікпен бетпе-бет соқтығысыпты.

Соққының қатты болғаны соншалықты "Ваз" көлігі жарамай қалған.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785800-trkistan-oblysynda-sagyn-avtobus-pen-zeil-klik-soktygysyp-eki-adam-kajtys-boldy/