Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеге тікұшақ апатынан қаза болған әскерилердің денесі жеткізілді (фото)

Опубликовано:

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында қаза болған 13 әскерилердің екеуі Ақтөбе облысынан. Марқұмдардың денесі бүгін түстен кейін Ақтөбедегі әскери ұшу алаңына жеткізілді. Алаңда облыс басшылығымен әскерилерді ақтық сапарға шығарып салу митингі ұйымдастырылды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook
"Күні кеше Қызылорда облысындағы тікұшақ апатына байланысты 13 әскери қызметкерден айырылғанымыз ауыр тиді. Марқұмдардың екеуі біздің жерлес бауырларымыз Данияр мен Өмірқанның болуы қабырғамызды қайыстырып жіберді. Бейбіт өмірде мезгілсіз дүниеден озған бауырларымыздың жақындарына көңіл айтамыз. Жазмыштан озмыш жоқ.
Азамат бауырларымыз әскери борыштарын адал өтеп, мемлекетемізге қызмет етті.  Олардың есімдері ел есінде сақталады. Бауырларымыздың иманы салауат болсын. Ардақты ағайын, бекем болайық. Артының қайырын сұрайық",-деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Қорғаныс күштерінің қызметкерлері ұшу алаңында қайғылы митингке қатысты.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook
"Құрметті әріптестер, бүгін біз қыршын кеткен әріптестерімізді соңғы сапарға шығарып салып тұрмыз. Қарулы күштердің барлық жеке құрамының атынан марқұмдардың туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Мемлекет басшысының өзі бұл жағдайды бақылауға алып, тапсырма берді. Еліміздің патриот ұлдары анттарына адал болды, қызметтерін соңына дейін атқарды",-деді  ҚР Қарулы күштері бас штаб бастығының орынбасары Әділбек Алдабергенов.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Марқұм болған майор Данияр Қоңырбайдың денесі Мұғалжар ауданы Қаракөл ауылына, ал Өмірхан Қауқабаевтың денесі Мәртөк ауданына әскери жасақпен жеткізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1786092-aktbege-tiksak-apatynan-kaza-bolgan-skerilerdi-denesi-zetkizildi-foto/