Алматы облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилермен қоштасты
Опубликовано:
Алматы облысындағы Енбекшіқазақ, Кербұлақ ауданы, сондай ақ Талдықорған тұрғындары тікұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды деп хабарлайды "Хабар 24".

Қаралы митингке Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен Талдықорған гарнизоны әскерилері, марқұмдардың туысқандары,облыс басшылары сондай ақ қоғам өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Қызылорда облысында апатқа ұшыраған МИ-8 тік ұшағында болған 13 әскеридің сегізі - Жетісу өңірінің тумалары.

Майор Тимур Құдайбердиев, ефрейторлер Мирас Жұматаев пен Айдын Әбділдинов және лейтенант Аслан Айтбаевтың денесі аймаққа арнайы борт арқылы жеткізілген.

Ал 3-класты сержант Қайрат Нұрсапанов, аға сержант Мұрат Шарипов, кіші сержант Абдулманат Асхат және ефрейтор Қуаныш Сарқытбаевтардың денесі қазір геномды экспертизада.
Мамандар тиісті шаралар өткеннен кейін марқұмдар жерленетін болады деп отыр.
Еске сала кетейік, 27 наурыз күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырып, 13 әскери қызметкер қаза тапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1786144-almaty-oblysynda-tiksak-apatynan-kaza-tapkan-skerilermen-kostasty/