Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде есірткі саудасымен айналысқан екі жас жігіт ұсталды

Опубликовано:

Өскемендік тәртіп сақшылары психотропты заттарды өткізу бойынша күдікке ілінген екі азаматты тұтқындады. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay
Көрнекі сурет: pixabay: UGC

Бірінші сәуір күні ШҚО тәртіп сақшылары психотропты затқа толы пакетті тастап кетпек болған екі жас жігітті құрықтады. Тұтқындалған азаматтардан бір келі 200 грамм "Скорость" атты есірткі түрі тәркіленді.

Полицейлердің есептеуінше, күдіктілер тыйым салынған затты шамамен 30 мыңға сатып жіберуді жоспарлаған.

Анықталғандай, полицияның уақытылы әрекет етуінің арқасында өңірдегі есірткінің заңсыз саудасы азайып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1786410-skemende-esirtki-saudasymen-ajnalyskan-eki-zas-zigit-staldy/

pixel