Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ауылдасын қағып, оқиға орнына қашып кеткен мас жүргізуші жаға ұстатты

Опубликовано:

Ақмола облысындағы Красный Яр ауылының тұрғыны мас күйінде өз ауылдасын қағып, оған көмек көрсетпестен оқиға орнына қашып кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: UGC

Оқиға 31 наурыз күні Красный Яр ауылының №1 орта мектебінің маңында орын алған.

Полицияның мәліметінше, Volkswagen автокөлігінің тізгінінде болған 26 жастағы азамат 47 жастағы өз ауылдасын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы Советская көшесінде болды.

Зардап шеккен ауыл тұрғыны жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер одан жабық бас-ми жарақатымен сан сүйегінің сынғанын анықтады.

Неміс көлігін жүргізген азамат оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер іздестіру жұмыстарын жүргізіп, көп ұзамай оны тұтқындаған.

Медициналық тексеріс нәтижесінде, ер адамның көлікті мас күйінде айдағаны анықталды. 26 жастағы азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабына сәйкес іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1786418-akmola-oblysynda-auyldasyn-kagyp-okiga-ornyna-kasyp-ketken-mas-zrgizusi-zaga-statty/

pixel