Алматы-Қорғас тас жолында мас жүргізуші үш адамның өліміне себеп болды (фото)
Опубликовано:
Жаркент маңындағы апатқа себеп болған «Ауди 100» маркалы көліктің 26 жастағы жүргізушісін полицейлер құрықтады. Оқиға салдарынан үш адам қайтыс болып, үш жолаушы ауруханаға түсті. Көлік жүргізушісі темір тұлпарды мас күйде тізгіндеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдайға себепкер болған азаматкеше бірінші сәуір күні ауруханадан шыққаннан бойда қамауға алынды.
Тергеу бөлім басшылығының ерекше бақылауында.
Полиция қызметкерлері ұсталған адамның мас болғанын хабарлады. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сараптама нәтижесі бойынша, жыл басынан бері облыста жол көлік оқиғалар саны 36,2 пайызға артқан.
Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 500 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.
Ең "танымал" құқық бұзушылықтар - жылдамдықты арттыру, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және жаяу жүргіншілердің жолды тыйым салынған жерден кесіп өтуі.
Ведомство жүргізушілер жол ережесін сақтамайтындарын алға тартып отыр.
Құрметті жүргізушілер, көлік жүргізу кезінде жолаушылардың және өзіңіздің өміріңіз сізге байланысты екенін есте сақтаңыздар», - деп ескертті полиция өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Атырауда балаларының өтінішіне құлақ аспаған әке жол апатына себепкер болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1786641-almaty-korgas-tas-zolynda-mas-zrgizusi-s-adamny-limine-sebep-boldy-foto/