RU

Шымкентте түнгі клуб маңындағы атыстың қатысушылары ұсталды (фото)

Шымкентте түнгі клубтардың бірінің маңында атысты ұйымдастырғандар қолға түсті деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оқиға орнынан Фото: Otyrar.kz
Оқиға орнынан Фото: Otyrar.kz: UGC

Басылымның мәліметінше, оқиға наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Тәуке хан даңғылында орналасқан түнгі клубтың маңында болған.

Түнгі клубқа келген қонақтардың арасында төбелес болып, соңы атысқа ұласқан.

Азаматтар травматикалық қарудан оқ атқан. Салдарынан екі адам зардап шегіп, оларды оқиға орнында полицейлер ұстаған.

Оқиға орнынан Фото: Otyrar.kz
Оқиға орнынан Фото: Otyrar.kz: UGC

Кейін тәртіп сақшылары атысты ұйымдастырғандарды да тұтқындады. Оқиға орнынан травматикалық қару табылған.

Ал көлік багажын тексеру барысында тағы бір қару тәркіленген.

Басылымның жазуынша, Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми пікір білдірмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787132-symkentte-tngi-klub-mayndagy-atysty-katysusylary-staldy-foto/