Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда төбелес шығарған даяшылар қонақтардың зәресін ұшырды

Опубликовано:

Мейрамхананың даяшылары тойда төбелес шығарып, жұртты шошытты. Алайда олардың бұл әрекеті арнайы шоу-бағдарлама болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Көпшіліктің қызу талқысына түскен видео pranker.kz парақшасында жарияланған.

Видеодан арнайы ыдыс салынған табақ арқалаған даяшы мен өзге қызметкердің соқтығысып қалғанын көруге болады. Екі азамат сол жерде жаға ұстаса кетеді. Қонақтар үрейленген сәтте, мейрамхананың жарығы да өшіп қалады.

Ал жарық қайта пайда болғанда мейрамхананың ортасында бір топ даяшының жиналып, арнайы өнер көрсеткен.

Айта кетейік, бұл кадрлерді көрген желі қолданушылары да өздерінің риза екенін жарыса жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787176-tojda-tbeles-sygargan-daasylar-konaktardy-zresin-syrdy/

pixel